«АҚШ Ресейге қысым көрсете береді» – АҚШ Қаржы министрлігі

0
72
дереккөзден

АҚШ билігі Ресейге қысым көрсете береді. Бұл туралы Атлантикалық кеңес отырысында қаржы министрінің орынбасары Сигал Манделкер мәлімдеді.

Сигал Манделкер өз сөзінде Ресейге Қырым үшін, жемқорлық, Украинадағы жағдайды тұрасқыздандырғаны үшін, адам құқығын бұзып, сайлауға араласқаны үшін қысым көрсетуді жалғасыра беретіндерін мәлімдеді, деп жазады РБК.

Бұдан өзге Америка үкіметінің өкілі АҚШ-тың қазіргі билігі Ресей мен Украинаның 100 азаматына санкция салғандарын мәлімдеді. Манделкердің сөзінше АҚШ Қаржы министрлігінің бұл санкциялары Ресейге қарсы қолданып жатқан шараларының жартысы ғана. Манделкер сондай-ақ сөз барысында «Кремль тізімін де» еске салды.

Еске салсақ, қаңтарда АҚШ Қаржы министрлігі Конгресс назарына «Кремль баяндамасын» ұсынды, онда ресейлік 114 ірі шенеунік пен мемлекеттік компаниялардың басшысы, сондай-ақ 96 олигархтың есімі енгізілді. Ресейдің президент әкімшілігіндегі басшылары, атап айтқанда РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев, СІМ басшысы Сергей Лавров, Вайно, Громов, Песков және Сурков «Кремль тізіміне» енді. Аталған тізімде Матвиенко, Володин, Сечин, Миллер, Нарышкин және Бортников секілді Владимир Путиннің тараптастарының  есімі бар.

2 наурызда президент Дональд Трамп Ресейге қарсы Украинадағы жағдайға байланысты алғаш рет 2014 жылы енгізілген санкцияны тағы бір жылға созды. Өз кезегінде Америка президентінің шешіміне қатысты Кремль мұндай шектеу екі мемлекетке ғана емес, бар әлемге теріс ықпалын тигізеді деп пікір білдірді. Песков Ресейге қарсы санкциялар заңсыз деген пікірде.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз