Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа берді

0
107
Головкин бұрынғы менеджері Олег Германмен.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлері Максимилиан және Олег Германдарды сотқа беріп, олардан ірі ақшалай өтемақы талап етті. Бұл туралы Американың TheBlast.com басылымы хабарлады.

Сот құжаттарына сәйкес, Головкиннің айтуынша, Максимилиан және Олег Герман әдейі табыс туралы есеп бермей, сомалары құжаттағыдан әлдеқайда жоғары болған комиссия төлемдерін алып жүрген. Оған қоса, менеджерлер Головкиннің соңғы жекпе-жектерін ұйымдастыруда ешқандай қызмет көрсетпесе де ол үшін ақы төлеуді талап етіп отыр.

GGG Германдармен іскерлік қатынасын 2017 жылы үзгенін мәлім етті, алайда олармен келісімшарт үзілсе де бұрынғы менеджерлер Головкиннің Сауль “Канело” Альвареспен екінші жекпе-жегінен барынша табыс табуға тырысқан.

Басылымның мәліметінше, Геннадий Германдарға кеткен 3,5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі соманың қайтарылуынан үмітті. Сондай-ақ, менеджерлермен байланысын ресми түрде үзетін сот шешімін күтіп отыр.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз