Польшада “Абай” орталығы ашылады

0
109
"Абай"

7-8 ақпан күндері Польшаның Свеча қаласындағы Лингвистикалық –техникалық университетте “Абай” атындағы ғылыми орталық ашылады. 

Ғылыми орталықтың мақсаты Польшадағы студент жастарға қазақ елінің салт-дәстүрін, ақын Абайдың шығармашылығын насихаттау, шетелдегі отандастарды қолдап қос дипломды білім беруді дамыту.

Орталықты Шығыс Қазақстан облысындағы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ашады.

Altaynews.kz хабарлауынша, өткен жылдың қараша айында ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Польшада Абай ғылыми-білім беру орталығын, ал Өскеменде Коперник ғылыми-білім беру орталығын ашу туралы келісімге қол қойған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз