17 қыркүйекте екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) шаршы алаңда үшінші рет кездеседі. Бұл туралы Геннадий Головкин Facebook парақшасында хабарлады.
“It’s official 💥 See you on September 17. Надеюсь, увидимся 17 сентября. Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше”- деп жазған Головкин.
Күзде боксшылар екінші орташа салмақ шегінде кездеседі деп болжануда. Мексикалық үшін бұл абсолютті чемпион атағын алғаш рет қорғайтын жекпе-жек болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, екі боксшының алғашқы кездесуі 2017 жылдың күзінде тең есеппен аяқталды. Араға бір жыл салып, 2018 жылы екінші кездесуде Сауль Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Биыл былғары қолғап шеберлері жекпе-жек өткізіп үлгерді. Мамыр айында «Канело» жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңілген еді. Ал, Головкин сәуір айында жапондық Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутқа түсірді. Осылайша, GGG орта салмақтағы IBF және IBO титулдарын қорғап, сонымен қатар Риотаға тиесілі WBA Super белбеуін жеңіп алды.