АҚШ-та бастауыш мектепке жасалған шабуылдан 19 бала мен бір мұғалім қаза тапты

0
269
Photo: BBC

АҚШ-тың оңтүстігіндегі Техас штатында Ювалде қаласындағы бастауыш мектепке қарулы шабуыл жасалып, кемінде 14 бала және бір мұғалім қаза тапты. Әзірге толық емес мәліметке қарағанда, күдіктіні полиция атып өлтірген. Бұл жөнінде CBS агенттігіне сілтеме жасап, RFE/RL қазақ қызметі хабарлады.

Оқиға сейсенбі, 24 мамырда болған. Штат губернаторы Грегг Эбботтың айтуынша, шабуылдаушы мектепке қарумен (винтовка) кіріп, оқ атқан. Мектепте 7 мен 10 жас аралығындағы балалар оқып жатыр. Күдікті 18 жаста деп айтылады.

Шабуыл кезінде кемінде 15 адам зардап шеккен. Сәрсенбіге қараған түні 10 жастағы қыз бен 66 жастағы әйелдің жағдайы ауыр деп хабарланды

Ақпаратқа қарағанда, шабуылдаушының аты-жөні Сальвадор Рамос. Ол жалғыз өзі әрекет еткен деп айтылады. Шабуылға қандай оқиғаның түрткі болғаны белгісіз. Қала тұрғындары мен мектеп оқушыларының басым бөлігінің тегі испан. Оқушылардың көбі тұрмысы нашар отбасылардан шыққан деп жазды The Texas Tribune сайты.

Бұл штат тарихындағы ең қанды шабуылдардың бірі. 1966 жылы Техас университетінің мұнарасындағы атыстан 16 адам қаза болған. 2018 жылы Санта Фе орта мектебіндегі атыстан он адам опат болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз