Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA “суперчемпионы” жапониялық Риота Муратаның (16-2, 13 КО) арасында жекпе-жек 9 сәуірде өтеді. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.
Қазақстандық пен жапониялық арасындағы айқас 9 сәуірде Сайтама қаласындағы Saitama Super аренасында өтеді.
Инсайдер Майк Коппинджердің мәліметі бойынша, жекпе-жек кеші Жапония телеарнасындағы прайм-тайм уақытында басталады. Ал басты айқас жергілікті уақыт бойынша 22:20-да бастау алады. Ал қазақстандық жанкүйерлер бұл кездесуді Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кешкі 19:20-да көре алады.
The bout will be broadcast in prime time in Japan on Saturday, which means a morning telecast in the U.S. Japan is 14 hours ahead of the east coast so expect, perhaps, an 8/9 a.m. ET start time for the main event. ESPN story coming
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) March 2, 2022
Бұдан бөлек Майк Коппинджердің хабарлауынша егер Головкин жеңіске жетсе және 7 мамырда Канело, қарсыласы Биволды жеңсе, Головкин мен Канело 17 қыркүйекте бір-біріне қарсы үшінші жекпе-жектерін өткізеді.