18 желтоқсан күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) орта салмақтағы IBF және IBO белбеулері үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Головкин инстаграм парақшасында бөлісті.

Головкиннің промоутері Эдди Хирн жекпе-жек Hard Rock Holly қонақ үй-казиносында өтетіндігін айтты. Ол сонымен қатар өз twitter парақшасында 18 желтоқсан күні Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы титулын жиырма бірінші рет қорғап тарихқа кіретіндігін хабарлады.
. @gggboxing makes history on Dec 18 with a record breaking 21st defence of his World Middleweight title v IBF mandatory @szeremeta_kamil on @daznboxing from @HardRockHolly #BigDramaShow 🇰🇿 🇵🇱 pic.twitter.com/JnMeT1xZ91
— Eddie Hearn (@EddieHearn) November 24, 2020
Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын Шеремета өз инстаграм парақшасында Головкинмен 18 немесе 19 желтоқсанда жекпе-жеккке шығатынын жазған болатын.