Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін маусым айында өткізеді және бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарт бойынша алғашқы жұдырықтасу болады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Бұл жекпе-жекте қазақстандыққа қарсылас ретінде польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 KO) мен америкалық Брэндон Адамстың (21-2, 13 КО) есімі аталып отыр.
Expressnews.com мәліметінше, жекпе-жек өтетін орынға қатысты Головкиннің командасы төрт қаланы қарастырып отыр: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас. GGG ісін жүргізетін Том Леффлермен тілдескен промоутер Лестер Бедфордтың айтуынша, Alamodome аренасы (Сан-Антонио) басты орын ретінде қарастырылып отыр, өйткені Головкин Лас-Вегас, Нью-Йорк және Лос-Анджелесте де жұдырықтасқан.
“Бізде Головкиннің жекпе-жегін қабылдауға шынымен жақсы мүмкіндік бар сияқты. Апта соңында анық болады”, – дейді Бедфорд.