Қаламқас кенішіндегі өрт сөндірілді

0
74

28 наурызда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кенішіндегі өрт сөндірілді. Бұл туралы Қазақстан энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.

Министрлік өкілінің сөзінше, 28 наурызда түнгі сағат 1.05-те Қаламқас кенішіндегі №8237 ұңғымадан шыққан өрт сөндірілген. “Қазір газды судың атқылауы тоқтап, грифон жабылды”, – деді Жеңісбек.

Министрлік дерегінше, от грифон маңында тұтанған. Грифон деп мұнайшылар жерден газдың жоспардан тыс атқылауын айтады. Министрлік дерегінше, Қаламқас кенішінде мұндай 13 грифон болған.

Жергілікті басылымдар Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Төкеновке сілтеме жасап, “мұнайдың сыртқа шықпағанын” жазған.

Қаламқас кенішінен өрт, биліктің хабарлауынша, 25 наурызда таңғы 5.46-да шыққан.

Маңғыстау облысындағы “Қаламқас” кенішіндегі ұңғымалардың бірінде апат болып, сыртқа газ-су қоспасы шықты деген ақпарат тараған.

“Қаламқас” кенішін барлаумен – “Маңғыстаумұнайгаз” компаниясы, бұрғылаумен “Si Bu” инженерлік бұрғылау компаниясы айналысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз