Кезекті әлем чемпионатының еншісі – Катарда

0
97
kremlin.ru

2022 жылы футболдан әлем чемпионаты Катарда өтеді.

15 шілдеде Кремльде Катарға аталған әлеуетті табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге Ресей басшысы В. Путин, Катар әмірі Тамим бен Хамад әл Тани, Халықаралық футбол федерациясының басшысы Джанни Инфантино қатысты.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, рәсім барысында В. Путин Катардан келген қонаққа 2018 жылғы әлем чемпионаты финалистері Франция мен Хорватия ойнайтын допты ұсынды.

Өз кезегінде, Ресей басшысы мұндай зор ауқымды шараны өткізгендері мемлекет үшін үлкен мақтаныш екенін жеткізді. Сондай-ақ Путин Доханың алдағы футболдан өтетін әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізетініне сенім білдірді. Ресей басшысы Катармен футболдан әлем чемпионатының өткізуге қатысты тәжірибесімен бөлісуге де дайын.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз