12 тамызда Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде нұр-сұлтандық “Астана” командасы финляндиялық “КуПС” клубынан екі матчтың қорытындысы бойынша 4:5 есебімен жеңіліп, конференция лигасындағы матчтарын аяқтады.
Матч, Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жанкүйерсіз өтті.
Алғашқы тайм елордалық клубтың есебіне 2:0 болып аяқталған еді. Тіпті екінші таймда “Астана” командасы 3:1 есебімен жеңіп келе жатты. Дегенмен финляндиялықтар негізгі уақыттың аяқталуына 13 минут қалғанда гол соғып, конференция лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Осылайша Андрей Тихонов жаттықтырған жігіттер конференция лигасындағы ойындарын үшінші іріктеу кезеңінде өз алаңындағы жеңілісімен аяқтады.
Айта кетейік, елордалық клуб алғашқы кездесуде КуПС клубымен 1:1 есебімен тең ойнады. Ал оған дейін “Астана” екінші іріктеу сатысында Грекияның «Арисін» (2:0, 1:2) жеңген болатын.
*УЕФА конференция лигасы 6 шілдеде басталып, 26 тамызда аяқталады. Бұл лига биылдан бастап ойнатылады. 163 командадан, екі матчтық ойынның төрт кезеңінен кейін 22 команда қалады, олар УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф раундында жеңілген он клубпен бірге топтық кезеңге өтеді. УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасынан айырмашылығы, топтық кезеңге ешбір клуб тікелей өтпейді.