Конференция лигасы: “Астана” өз алаңында жеңіліс тапты (фотоесеп)

0
88

12 тамызда Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде нұр-сұлтандық “Астана” командасы финляндиялық “КуПС” клубынан екі матчтың қорытындысы бойынша 4:5 есебімен жеңіліп, конференция лигасындағы матчтарын аяқтады.

Матч, Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жанкүйерсіз өтті.

Алғашқы тайм елордалық клубтың есебіне 2:0 болып аяқталған еді. Тіпті екінші таймда “Астана” командасы 3:1 есебімен жеңіп келе жатты. Дегенмен финляндиялықтар негізгі уақыттың аяқталуына 13 минут қалғанда гол соғып, конференция лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Осылайша Андрей Тихонов жаттықтырған жігіттер конференция лигасындағы ойындарын үшінші іріктеу кезеңінде өз алаңындағы жеңілісімен аяқтады.

Айта кетейік, елордалық клуб алғашқы кездесуде КуПС клубымен 1:1 есебімен тең ойнады. Ал оған дейін “Астана” екінші іріктеу сатысында Грекияның «Арисін» (2:0, 1:2) жеңген болатын.

*УЕФА конференция лигасы 6 шілдеде басталып, 26 тамызда аяқталады. Бұл лига биылдан бастап ойнатылады. 163 командадан, екі матчтық ойынның төрт кезеңінен кейін 22 команда қалады, олар УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф раундында жеңілген он клубпен бірге топтық кезеңге өтеді. УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасынан айырмашылығы, топтық кезеңге ешбір клуб тікелей өтпейді.

ФК КуПС ойыншылары жаттығу үстінде

 

Астана ойыншылары алаңда

Марин Томасов

 

Исламбек Қуат

 

Макс Эбонг

 

Астананың екінші голын соққан сәттегі Абат Айымбетов

 

Астананың сапына жаңадан қосылған қорғаушы Энео Битри

 

Педро Эуженио

Дубль авторы Тигран Барсегян

 

матч аяқталғаннан кейінгі КуПС ойыншыларының қуану сәті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз