Ұлттар лигасы: Қазақстан Словакияны екінші рет жеңді

0
286
Қазақстан ойыншыларының гол соққан сәті.

13 маусымда Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-турында “Астана Аренада” Словакия құрамасын 2:1 есебімен ұтты.

Бірінші таймда Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты. Матчтағы есепті 18-ші минут Ян Вороговский ашса, 39-шы минутта Эльхан Астанов есепті еселей түсті.

Словакия құрамасының қақпасына гол кіріп барады.

Екінші таймда Словакия бір голмен жауап қатқанымен, таразы басын теңестіруге шамасы жетпеді.

Бұл ойыннан кейін турнир кестесінде өзгерістер болмады. Қазқақстан С дивизионының 3-тобында 10 ұпаймен көш бастап тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз