Ұлттық банк болжамы: Жыл аяғына дейін елдегі инфляция 15 пайызға жетеді

0
62
Қазақстан Ұлттық банкі.

Қазақстан Ұлттық банкі елде 2022 жылдың аяғына қарай инфляция 13-15 пайызға жетеді деген болжам жасап отыр.

“2022 жылдың аяғына дейін импорт өнімдерін қайта құрылымдап, елеулі сыртқы инфляциялық қысым жасалып, әлемде азық-түлік тауарлары қымбаттап, сонымен бірге оң фискалдық серпін болған тұста инфляция 13-15 пайыз ұлғайған диапазонда қалыптасуы мүмкін” деп болжайды Ұлттық банк 2022 жылғы маусымға арналған ақша-несие саясаты туралы есебінде.

Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы инфляция 7,5-9,5 пайызға дейін бәсеңдейді, ал 2024 жылы инфляция мақсатты дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 8 пайызға жетеді деген болжам жасалып отыр.

Өткен айда Қазақстан Ұлттық банкі елде барлық компоненттер бағасы өскен тұта инфляция қарқыны 13,2 пайызға дейін жетті деп хабарлаған. Сол жолы Ұлттық банк жылдың аяғына дейін «инфляция жоғары деңгейде болады» деген болжам айтқан еді.

20 мамырда ТМД елдерінің үкімет жетекшілерінің кезекті отырысында Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смаилов достастық елдерін азық-түліктің қымбаттауына қарсы күш біріктіруге шақырған.

Сәуір айында Қазақстанның ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Еуразия экономика одағы елдері арасында Қазақстан инфляция өсімі көрсеткіші бойынша Армениядан кейін екінші орынға шыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз