Ұлттар лигасы: Қазақстан өз алаңында Молдованы ұтты

0
141
Photo: Turar Kazangapov

29 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Молдованы пенальти сериясында ұтып, Ұлттар лигасы С дивизионында орнын сақтап қалды. Бұл жөнінде vesti.kz хабарлады. 

Молдовалықтар ойынның 13-минутында есеп ашты, гол авторы Игорь Армаш. 

Бірінші таймнан кейін Андрей Карповичтің бапкерлік штабы өзгеріс жасады: алаңға Тимур Досмағамбетов, Айбар Жақсылықов пен Бағдат Қайыров шықты.

Ал қапталдағы қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаев жарақат алып қалды.

Қосымша берілген 30 минутта есеп өзгермеді, осыдан кейін пенальти сериясы белгіленіп, Қазақстан онда басым түсті – 5:4.

Шешуші голды Георгий Жуков салды.

Еске салайық, Кишиневте өткен ойында Қазақстан 2:1 есебімен ұтқан, ал екі ойын қорытындысы бойынша (2:2) тең түсі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз