Ойсырай ұтылған футбол клубы жанкүйерлеріне ақшаларын қайтармақ

0
98
Aurelien Meunier/Getty Images

Франция ішкі біріншілігінің 33-турында «Пари Сен-Жермен» командасынан 7-1 есебімен ойсырай ұтылған «Монако» клубының жетекшілері жанкүйерлерінің билетке кеткен шығынын өтейтінін мәлімдеді. Монаколық клуб бұл бастамасын ресми твиттер парақшасы арқылы хабарлады.


Алайда клубтың билет шығынын қалай өтейтіні айтылмады. Толық ақпараттың алдағы уақытта жарияланатыны белгілі болды.

Өткен жылы чемпион болған «Монако» биылғы маусымның фавориті астаналық «ПСЖ»-мен өткізген ойында алғаш жарты сағат өтпей жатып төрт гол жіберіп алды. Екінші таймда соғылған үш голдың біреуін «Монако» ойыншылары өз қақпаларына соқты.

Ал «ПСЖ» өз алаңы «Парк де Пренс» стадионында өткен ойында чемпионаттың аяқталуына бес тур қалғанда осымен жетінші рет чемпион атанды.

Бауыржан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз