ЕО Сирияға жасалған шабуылды «қалыпты» деп қабылдады

0
63
/Дамаск

Еуроодақтың (ЕО) Сыртқы істер бойынша Кеңесі Сирияның Дума қаласында бейбіт тұрғындардың улануын сынға алды. Осы орайда ЕО Америка Құрама Штаттары (АҚШ) мен батыс елдері коалициясының аталған химиялық шабуылға қарсы жасаған әрекетін «қалыпты» деп қабылдады. Бұл Люксембург кездесуінің қорытынды мәлімдемесінде хабарланды.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, ЕО Сириядағы ықтимал* химиялық шабуылды сұмдық жайт деп атап, (ықтимал) химиялық шабуылға қатысты тәуелсіз сараптама жасауды ұсынды.

Ал Еуроодақтың ішкі саясат және қауіпсіздік бөлімінің Жоғары өкілі мәлімдемесінде былай деді:

«Сирияда (келтірілген) зардап пен адам шығынына нүкте қоюдың жалғыз жолы – Сирия режимін қолдап отырған тараптарды Женевадағы келіссөздерге қатысатындай ету».

Сирия президенті Башар Асадтың серіктестері, атап айтқанда, Ресей, Иран және Түркия Дамаск қаласына (АҚШ, Батыс коалициясы тарапынан) жасалған мақсатты шабуылға қарсылық білдірді.


14 сәуірге қараған түні АҚШ, Ұлыбритания және Франция «Сирияның химиялық бағдарламасымен байланысы бар болуы мүмкін» деген нысандарға зымыран шабуылын жасады. «Үштіктің» аталған операциясы 7 сәуір Дума қаласында Башар Асад режимінің (ықтимал) химиялық қару қолдану әрекетіне жауап болды.


*Башар Асад басшылығындағы билік мен Сирияның серіктестері (Иран мен Ресей) Дума қаласына химиялық шабуыл жасалғанын жоққа шығарады.


Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз