Самат Смақов облыс әкімінің кеңесшісі болды

0
194
Самат Смақов.

“Ақтөбе” ФК экс-директоры Самат Смақов Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

“Ақтөбе” ФК пресс-атташесі Марат Жұмабаевтың айтуынша, Смақов “Ақтөбе” ФК АҚ басқарма төрағасының және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің футболды дамыту жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалған.

“Маған сенім артқаны үшін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлына алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, мен барлық жанкүйерлерге ақтөбеліктерге ғана емес, мені осы уақытқа дейін қолдаған барлық қазақстандықтарға шын жүректен алғыс айтамын. Қала мен Ақтөбе клубының мен үшін қымбат екенін бәріңіз жақсы білесіздер. Мен сіздерді жерге қаратпаймын! Біз міндетті түрде клубымызға бұрынғы даңқын қайтарамыз!”, – деді Смақов. 

Самат Смақов соңғы екі маусымда “Ақтөбенің” бас директоры болып қызмет атқарды. Бірақ 20 желтоқсанда клуб оның кететінін хабарлап, орнына Артур Смағұлов тағайындалғанын айтты.

“Ақтөбе” футбол клубы 2018 жылы қараша айында Самақ Смақовқа сенімді басқаруға берілген. Ол клубты 108 миллион теңгеге сатып алған еді. Сол кезде Ақтөбе әкімдігі футбол клубының Самат Смақовқа кейінірек сатып алу құқығымен жеті жылға сенімді басқаруға берілгенін мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз