Ұлттық банк алаш зиялыларының суреті бар монета шығарды

0
302

Қазақстанның Ұлттық Банкі “Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар” сериясынан Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Тұрар Рұсқұловтың фотосуреттері бар монеталар шығарды.

Сонымен қатар, банк “Қазақстанның бейнелеу өнері” сериясынан номиналы 500 теңгелік “Á.Qasteev “Búrkitshi” коллекциялық монеталарын ұсынды.

Монетаның дизайнында қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Халық суретшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбілхан Қастеевтің “Бүркітші” деген картинасының бейнесі пайдаланылған. Жоғары бөлігінде “Á.Qasteev “Búrkitshi” деген жазба және Қазақстан Ұлттық Банкінің тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі орналасқан.

“I. Jansúgirov. 125 jyl”, “S. Seifýllin. 125 jyl”, “B. Mailin. 125 jyl”, “T. Rysqulov. 125 jyl” монеталары қазақ тарихындағы әйгілі тұлғалардың туғанына 125 жыл толуына арналған.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар ҚР бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз