Сауд Арабиясы футбол құрамасындағы бірнеше футболшы Ресей құрамасымен болған матчта жеңіліс тапқандары үшін тәртіптік жазаға тартылатын болады. Бұл туралы корольдіктің футбол федерациясының басшысы Әдел Иззат мәлімдеді.
Ә. Иззат Ресей құрамасымен болған ойында жеңіліс тапқандарына күйзелгендерін жасырмады, деп жазады ТАСС.
«Бұл біз күткен нәтиже емес, себебі дайындығымыз оған сай емес», – деген корольдіктің футбол федерациясының басшысы бірнеше ойыншыға айыппұл салынатынын атап айтқанда, «қорғаушы Абдаллах әл-Майюф, шабуылдаушы Мұхаммед әс-Сахлави, қорғаушы Омар Хавсави» алға тартты.
Бұған дейін Сауд Арабиясы құрамасының бас бапкері Хуан Антонио Пицци Ресей құрамасының жеңісіне қатысты пікір білдірді. Бас бапкер Ресей құрамасынан анау айтқандай тосын сый байқамағандығын, ал әл-Майюфаның қақпасына соғылған алғашқы голдың кездейсоқ болғандығын атап өтті.
14 маусымда Ресей құрамасы Сауд Арабиясы құрамасын футболдан әлем чемпионатындағы бірінші матчта жеңіп кетті. Есеп 5:0 тәмамдалды.
Ендігі кезекте Ресей құрамасы Мысыр және Уругвай құрамасымен ойын көрсетеді.