Қазақстандықтар Ораза айт мейрамын тойлауда

0
238

Қазақстан халқы айлардың сұлтаны, қасиетті Рамазан айын өткізіп, асыл дінімізде ең игі мерекелердің бірі саналатын Ораза айт мейрамын тойлауды бастады.

Айт намазы дінде уәжіп болғандықтан мереке арнайы ғибадаттармен басталады. Айт намазы үшін азан айтылып, қамат түсірілмейді. Намазға бет алған кезде бір жолмен барып, екінші жолмен қайту Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннеті болып саналады.

Елорда жамағаты барша мұсылманға уәжіп болған Ораза айт намазын өтеуге Республикалық Әзірет Сұлтан мешітіне жиналып, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың уағызын тыңдады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз