15 қарашада спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып Ерғалиев Самат Серікқанұлы тағайындалды. Бұған дейін Самат Ерғалиев Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы болды.
Самат Серікқанұлы он жылдан артық мәдениет және спорт министрлігінде Ұлттық штаттық командалар дирекциясында бөлім басшысынан бастап, дирекция директоры болып қызмет атқарды.
Ерғалиев Самат Серікқанұлы 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еркін күрестен спорт шебері.
Осыған дейін спорт істері комитетін бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев басқарған болатын. Ол, 2021 жылдың қазан айында өз еркімен басшылық қызметтен кетіп, кейін Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істейтінін хабарлады.