Түркістанда садақ атудан ел чемпионаты басталды

0
202

16 ақпанда Түркістан қаласындағы «OLYMPIC CENTER» спорт кешенінде садақ атудан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Мергендер сайысына еліміздің барлық өңірінен іріктелген 10 команда, 250-ге жуық спортшы жиналып мықтыны анықтауда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыстың бас төрешісі Ольга Нидің айтуынша, биылғы Қазақстан чемпионатына ұлттық құрама мүшелері түгел қатысып жатыр. Жарыстың жеңімпаздары 13-20 наурыз аралығында Тайланд елінде өтетін кезекті Азия кубогінде Қазақстанның намысын қорғайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз