Теннисші Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

0
333
Елена Рыбакина.

28 шілдеде Токио олимпиадасының ширек финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы (2017 жылы) испаниялық Гарбинье Мугуруса Бланкодан басым түсіп, жартылай финалға шықты. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Екі сетке созылған кездесу 7:5, 6:1 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. Матч бір сағат, 33 минутқа созылды. Айта кетейік, испаниялық Гарбинье Мугуруса қазіргі таңда әлемнің тоғызыншы ракеткасы.

Еліміздің бірінші ракеткасы жартылай финалда швейцариялық Белинда Бенчичпен сынға түседі. Белинда, ширек финалда ресейлік Анастасия Павлюченковадан 2 сағат 14 минутқа созылған тартысты матчтың қорытындысы (6:0, 3:6, 6:3) бойынша басым түсті. Еленаның қарсыласы Белинда Бенчич – әлемнің 12 ракеткасы.

Елена Рыбакина, осыған дейін үшінші айналымда хорватиялық Донна Векичтен (7:6 (7:3), 6:4), екінші айналымда швециялық Ребекка Петерсоннан (6:2,6:3), алғашқы кезеңде австралиялық Саманта Стосурдан екі сетте (6:4,6:2) басым түсті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз