УЕФА шешімі: Ресей құрамасы мен клубтары 2022-2023 жылдардағы маусымға қатыспайды

0
246
Photo: Getty Images

Футболдан Ресей құрамасы 2022-2023 жылдардағы маусымда Ұлттар Лигасы жарысына қатыса алмайды. Құрама өз тобында бірден төртінші орын алып, төменгі санаттағы топқа өтеді. Ресейдің футбол клубтары болса, Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы дейтін жарыстарға қатыстырылмайды. Елдің еурокубоктардағы рейтингі төмендетіледі. Дәл осындай санкция әйелдер, жастар және футзал жарыстарына да қолданылады. 

Елдің әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатына өтіп тұрған. Бірақ енді олардың орнына Ұлыбританияда өтетін додаға Португалия құрамасы қатысады. Ресей құрамасы Әлем чемпионаты іріктеу кезеңінен де қағылды. Олар өз тобында екінші орында келе жатқан.

Сондай-ақ УЕФА атқарушы комитеті Ресей футбол одағының Еуро-2028 және Еуро-2032 жарыстарын өткізуге деген өтінішін қисынсыз деп таныды.

Бұдан бұрын Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропа футбол ассоциацияларының одағы (УЕФА) Украинаға басып кірген Ресейдің құрама командалары мен клубтарын жарыстардан белгісіз уақытқа шеттеткен. Ал УЕФА Ресейдің “Газпром” компаниясымен әріптестігін үзген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз