УЕФА Суперкубогы иегерін қазақстандық бала марапаттады

0
129

Түркияның Стамбул қаласында өткен футболдан УЕФА Суперкубогының иегері “Ливерпуль” командасын қазақстандық Әли Тұрғанбеков марапаттады.

УЕФА Суперкубогын Англияның “Ливерпуль” мен “Челси” клубы сарапқа салды. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, пенальтиден “Ливерпуль” жеңіске жетті.

Матчтан кейінгі марапаттау рәсімінде футболшылардың әрқайсысын аяқсыз туған Әлидің қолын алып, құшақтап жатты. Оны қазақстандық “Нико Вуйчич” деп атайды.

“Челси” ойыншылары Алимен амандасып жатыр.

Жеңімпаз команданың капитаны Джордан Хендерсонға трофейді УЕФА Александр Чеферинмен бірге Әли Тұрғанбеков те тарту етті.

Айта кетейік, ойын алдында “Ливерпульдің” жаттығу жиынына қатысқан Али Мохаммед Салахпен доп ойнады.

“Достарым мені УЕФА-ның 2019 жылғы Суперкубогына шақырды. Ол жерде Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының чемпиондарымен матч өткізеді. Қуанышымда шек жоқ. Өзімді керемет сезініп тұрмын. Осы мүмкіндікті сыйлаған УЕФА-ның басшылығына, УЕФА қорына және Қайрат Советайұлына алғысымды білдіргім келеді”, – деп жазған болатын Әли Тұрғанбеков өзінің Instagram-дағы парақшасында. 

Әли осыған дейін Диего Марадона, Лионель Месси, Андрей Шевченко секілді әлем футболының жарқын жұлдыздарымен де кездескен болатын.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз