Қысқы олимпиадада медаль саны бойынша Германия алда келеді

0
364
Бейжің қысқы олимпиадасының алтын медаль иегері германиялық Натали Гайзенбергер.

Пекинде өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында Германия құрамасы медаль есебі бойынша көш бастады. Немістердің еншісінде жалпы 8 медаль бар. Оның 5-і алтын, 3-і күміс.

9 ақпан бесінші жарыс күні олимпиадаға қатысып жатқан спортшылар 6 медаль топтамасын сарапқа салды.

Германиядан келген команда сәрсенбіде 2 алтын мен 1 күміске ие болды. Бұл нәтиже оларға медальдық есепте көшбасшы болуға мүмкіндік берді. Көшбасшылар үштігінде Норвегия мен Швеция да бар.

Қазіргі уақытта 24 елдің спортшылары олимпиада медалін жеңіп алды.

Қазақстандық спортшылар әлі ешқандай медаль еншілей алмады. 9 ақпанда шорт-тректен ерлер арасында 1500 метрлік жарыста Әділ Ғалиахметов 8-орын алды. 23 жастағы спортшы алғаш рет жекелей сында олимпиада финалына шыққан еді.

Қысқы олимпиада кестесі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз