Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

0
206
Тараз қаласының жаңа әкімі Айтқазы Қарабалаев.

Айтқазы Қарабалаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы 3 желтоқсанда Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Нұраддин Рақай Facebook-тегі жазбасында хабарлады.

Қараша айының ортасында Тараздағы мектептердің бірінде ауладағы әжетханаға сабақ кезінде сұранып шыққан жетінші сынып оқушысын ер адамның зорлағаны белгілі болған. Бұл оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Қайрат Досаевты қызметінен босатып, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке ескерту жасаған. Полиция күдікті ретінде 38 жастағы ер адамның ұсталғанын, егер қылмыс жасағаны дәлелденсе, ұзақ жылға сотталуы мүмкін екенін айтқан.

Айтқазы Қарабалев 1966 жылы туған. Әр жылдары Тараз қаласы мен облыс әкімдігінде түрлі қызмет атқарған. Тараз қаласы әкімінің орынбасары болған. Талас және Жуалы аудандарын басқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз