Қазақстанда 2 миллионға жуық жалақыны кімдер алады?

0
134

“Астана” халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов басқарушы персоналдың жалақысы қанша екенін айтты.

“Бірден айтайын, бізде бонус жоқ. Жалақы “Бәйтерек” холдингі деңгейінде. Басқарушы персонал, “Бәйтеректе”, менің ойымша, орта есеппен 5 мың долларға жуық (шамамен 1 миллион 900 мың теңге) алады”, – деді Келімбетов мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ, жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға ақшаны сақтауға қатысты кеңес берді.

“Халықаралық қаржы орталығында істегендіктен, биржаның құнды қағаздарына инвестиция құйып, ҚазМұнайГаздың ІРО-сына дайындалып, биржа жаңалықтарынан хабардар жүруге кеңес беремін”, – деді орталық басқарушысы. 

Бүгін мәжілісте “Астана” халықаралық қаржы орталығы туралы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” конституциялық заң жобасы қаралды.

Заң жобасы “инвестициялық резидент” ұғымын және Қазақстанда “инвестициялық салық резиденттігі” бағдарламасын енгізуді көздейді.

Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасы – қазіргі таңда дүние жүзінде барынша кеңінен таралған құбылыс. Қазақстанда “Астана” ХҚО базасында инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасын қолдану ұсынылады. Бағдарлама мақсаты – инвестор мен оның отбасы мүшелеріне Қазақстанға көп мәрте кіру визасын беру арқылы инвестиция тарту.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз