Аргентина халқы үш күн аза тұтады

0
217

Аргентина президенті Альберто Фернандес футболшы Диего Армандо Марадонаның қайтыс болуына байланысты елде үш күн аза тұту жариялады. Бұл туралы әлемдік БАҚ хабарлады.

Марадона қараша айының басында денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылды. Оған судбуральды гематома (мидың қысылуын тудыратын көлемді жинақталған қан) диагнозы қойылып, миына ота жасалды. Дәрігерлер отаның қалыпты өткеніні айтып, 12 қараша күні ауруханадан шығарған.

Араға екі апта салып Диего Марадона жүрек талмасынан қайтыс болды. Оның үйіне бірнеше жедел жәрдем көлігі келді, бірақ футболшыны құтқара алмады.

1986 жыл, Марадона әлем кубогін ұстап тұр

Диего Марадона – ХХ ғасырдың үздік футболшыларының бірі. Аргентина клубтарынан басқа ол итальялық “Наполиде”, испаниялық “Барселона” мен “Севильяда” ойнады. Италия, Испания кубогтарының және УЕФА кубогының жеңімпазы. Ол Аргентина құрамасы үшін 113 матч өткізіп, 50 гол соқты. 1986 жылы ұлттық құрамасы Аргентинамен футболдан әлем чемпионы атанды. Марадона 1986 жылы ФИФА Әлем Кубогының ширек финалында Англиямен болған матчтың 51-минутында “Құдайдың қолы” атты тарихтағы ең танымал голдың авторы атанды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз