ДСМ: өткен тәулікте 820 адамнан коронавирус табылды

0
112

Қазақстанда өткен тәулікте 820 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 128 400 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

26 қараша таңертеңгі ақпаратта 820 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 164 адам Шығыс Қазақстан облысында. Бұдан бөлек 474 адам індеттен жазылып, барлығы 114 821 адамға жетті. Ал, 7 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 2008 адам өлді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 571 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 710 бала бар.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 77
Алматы қаласы – 77
Шымкент қаласы – 11
Ақмола облысы – 75
Ақтөбе облысы – 7
Алматы облысы – 30
Атырау облысы – 14
Шығыс Қазақстан облысы – 164
Жамбыл облысы – 14
Батыс Қазақстан облысы – 37
Қарағанды облысы – 19
Қостанай облысы – 63
Қызылорда облысы – 3
Маңғыстау облысы – 3
Павлодар облысы – 110
Солтүстік Қазақстан облысы – 114
Түркістан облысы – 2

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Ақмола облысы – 15
Ақтөбе облысы – 2
Алматы облысы – 9
Атырау облысы – 2
Шығыс Қазақстан облысы – 98
Батыс Қазақстан облысы – 4
Қарағанды облысы – 15
Қостанай облысы – 23
Павлодар облысы – 73
Солтүстік Қазақстан облысы – 229
Түркістан облысы – 4

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 168 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 82 адам. Осылайша елде пневмонияны 41 595 адам жұқтырып, 30 289 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз