Ақмолалық жолшылар жолда қалған Тәжікстан азаматтарына көмек көрсетті

0
109

Астана-Көкшетау” тасжолының 83 шақырымында 16 жолаушы мінген автобус техникалық ақауларға байланысты істен шығып, тоқтауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

ҚазАвтоЖол қызметкерлері республикалық трассаларды патрульдеу барысында жол бойында бұзылып тұрған көлікті байқаған. Анықталғандай, автобуста Тәжікстан елінің 16 азаматы болған. Жолаушылар Ресей Федерациясынан Тәжікстанға бет алған.

Жолшылар сынған автобусты қауіпсіз жерге сүйреп апарып, жолаушыларды қонақ үйге жеткізді.

Автобус жөндеу жұмыстарынан кейін сапарын жалғастырды.

Шетел азаматтары жолшыларға көмегі үшін алғыс білдірді.


Қазақтанның кейбір аймақтарында жол қозғалысына шектеу қойылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар аймағында қолайсыздықтар туындады. Батыс Қазақстан облысында тұманға байланысты республикалық жол жабылды.

«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша 21 ақпан күні жергілікті сағат 09.10-нан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Орал-Тасқала автожолында (4-72 км, Оралдан Тасқала ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

БҚО ТЖ департаменті осыған байланысты ескерту жарияланғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Ақмола облысына қарасты 20 m/s желдің әсерінен Астана-Шущинск тас жолы жабылды. Сонымен қатар, 21-ақпанда Астана қаласында қатты көктайғақ пен қатты бұрқасын жел қатері болуы мүмкін, деп хабарлайды 112-ден келген хабарламаның болжауынша.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз