Қазақстан халқы 2050 жылы 28 миллион адамға жетуі мүмкін

0
101
Сурет: astana.gov.kz

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше халықтың орташа жылдық саны 2050 жылға қарай 8,2 млн адамға өсіп, 27,8 млн адамға жетеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

“2022-2050 жылдары жаңа туған нәрестелер саны 14,3 млн адамды, қайтыс болғандар саны 5,5 млн адамды құрайды. Осылайша, табиғи өсім 8,8 млн адамды құрайды. Алайда, көші-қонның теріс сальдосына байланысты (565 мың адам) 2050 жылға қарай халықтың таза өсімі 8,2 млн адамды құрайды”, – делінген хабарламада.

2034 жылға қарай Қазақстандағы жұмыс күшінің саны 10 млн адамнан асуы мүмкін.

2000-шы жылдардағы “бэби бумы” кезінде туылған ұрпақтың еңбек нарығына келуіне байланысты 2030 жылдан бастап жыл сайынғы жұмыс күшінің өсу қарқыны тездеп, жылына 1%-дан асады.

2050 жылға қарай жұмыс күшінің саны демографиялық көрсеткіштердің динамикасына байланысты 11-12,5 млн адамға жетуі мүмкін, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 18-34% өсімге сәйкес келеді.

Бірқатар өңірлерде (негізінен солтүстік, орталық және шығыс) жұмыс күшінің саны 25-тен 45%-ға дейін қысқаруы мүмкін болса, Астана және Шымкент қалаларында оның екі еселенуі күтілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз