АҚШ президенті Байден Украинаға келді

0
119
фото: тг/ Украина Сейчас

20 ақпанда АҚШ президенті Джо Байден ресми сапармен Украинаның астанасы Киевке келді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Украина Сейчас телеграм арнасына сілтеме жасап.

20-22 ақпан аралығында АҚШ президенті Джо Байден Польшаға ресми сапар жасайды. 21 ақпанда оның Польша президенті Анджей Дудамен кездесуі жоспарланған. Оның күн тәртібіне екіжақты ынтымақтастық, Украинаға көмек және НАТО-ны нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігерді талқылау қойылған.

АҚШ президентінің Киевке ресми сапармен келген болуы мүмкін екендігі туралы хабар тарай бастаған сәттен бастап, Украинаның Киевті қосқанда көптеген аймағында әуе дабылы жарияланып, сигнал гудогы ойнады.

Айта кетейік, Байденнің Киевке сапары Ресейдің Украинаға ашқан соғысының бір жыл толуы қарсаңында жүзеге асты. 2022 жылы 24 ақпан күні ресейліктер Украина шекарасына басып кіріп, соғыс ашқан болатын. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Ресейдің жоспары 3 күнде Украинаны басып алу болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз