Ақтау қаласы тұрғын үйлерге жылуды үздіксіз беру үшін ыстық суды тоқтатуға мәжбүр болған. Бұлтуралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы үндеу жариялаған Ақтау әкімі Ербол Ізбергенов хабарлады.
Ізбергеновтің сөзінше, ыстық суды тоқтатуға Ақтаудағы “МАЭК-Қазатомөнеркәсібінің” ескірген қондырғыларына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны себеп болған.
“Тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ыстық суды уақытша тоқтатуға мәжбүрміз. Қаладағы ахуал менің бақылауымда және мәселені жедел шешу мақсатында қазіргі таңда тиісті мамандар жұмылдырылды”,- дейді Ақтау қаласының әкімі.
⠀⠀
5 желтоқсанда Ақтауда ыстық су тоқтатылған. Ақтау тұрғындары ауыз су да жетпей жатқанын айтады. “МАЭК” пен “Каспий жылу, су арнасы” ауыз су ажыратылмағанын мәлімдеді.