Қазақстан күрішті қай елдерге экспорттайды

0
245
фото: Pixabay

Өткен жылы Қазақстанда 209,6 мың тонна күріш өндірілген. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 0,9%-ға артық, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қазақстандық кәсіпорындар 38,6 млн долларға 123,2 мың тонна күріш экспорттаған.

Күріштің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілген. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында бұл елдерге 119,9 мың тонна күріш экспортталған.

Қазақстандық күріштің негізгі импорттаушылары – Ресей (37,6 мың тонна), Тәжікстан (30 мың тонна) және Өзбекстан (26,7 мың тонна).

ТМД құрамына кірмейтін әлемнің басқа елдеріне Қазақстан 3,3 мың тонна күріш жөнелткен. Мұнда Моңғолия, Ирак және Түркия көш бастап тұр. Сонымен қатар, бұл дақыл өткен жылы АҚШ, Иран, Израиль және Украинаға жеткізілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз