Qatar-2022: Ширек финалға шыққан құрамалар белгілі болды

0
182
фото: football24.ua

9-10 желтоқсанда Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 1/4 финалында Хорватия – Бразилия, Аргентина – Нидерланд, Португалия – Марокко және Франция – Англия кездеседі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Плей-офф кезеңіне Нидерланд, АҚШ, Аргентина, Аустралия, Жапония, Хорватия, Бразилия, Оңтүстік Корея, Англия, Сенегал, Франция, Польша, Марокко, Испания, Португалия және Швейцария жолдама алған еді. Соның ішінде Марокко – Испания матчынан басқасы сенсациясыз, ойын фаворитінің жеңісімен аяқталды. ал, Испания – Марокко матчы 0-0 есебімен пенальти сериясына дейін жетіп Марокко құрамасы 3-0 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалдың ойындарын қазақстандықтар Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көре алады:

  • 9 желтоқсан
    21:00 – 🇭🇷Хорватия — Бразилия🇧🇷
  • 10 желтоқсан
    01:00 – 🇳🇱Нидерланд — Аргентина🇦🇷
    21:00 – 🇲🇦Марокко — Португалия🇵🇹
  • 11 желтоқсан
    01:00 – 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Англия — Франция🇫🇷

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз