Алматы қайтадан коронавирустың “сары аймағына” кірді

0
149
Photo: hls.kz

8 желтоқсан күні Алматы қаласы коронавирустың “сары” аймағына тағы кірді. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық орталығының ресми сайты хабарлады.

Қала “жасыл” аймаққа төрт күн бұрын өткен болатын.

8 желтоқсандағы ақпарат бойынша, “қызыл” аймақта Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. “Сары” аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары. Қалған өңірлер “жасыл” аймаққа кірді.

Қазақстандағы жалпы эпидемиологиялық жағдай “жасыл” аймақты қамтиды.

Соңғы ақпарат бойынша Қазақстанда 137 653 адам вирус жұқтырды. 121 347 қазақстандық жазылып шықты, 2 034 науқас қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз