3 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы Қапшағай қаласын Қонаев қаласы болып өзгеретіні туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
“«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын.”- делінген жарлықта.
Тиісті жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.