Алматы облысының әкімшілік орталығы өзгертілді

0
352
photo: yvision.kz / Алматы облысының әкімдігі

4 мамырда президент Тоқаев Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Айта кетейік, 3 мамырда президент жарлығымен Қапшағай қаласының атауы Қонаев қаласы болып өзгертілген еді.

Оқи отырыңыз: Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы болып өзгертілді

Бұдан бөлек президент қаулысымен жаңадан құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының құрамы және әкімшілік орталықтары белгілі болды.

Абай облысы:

  1. Әкімшілік орталығы – Семей қаласы
  2. Құрамы – Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары, Семей және Курчатов қалалары

Жетісу облысы:

  1. Әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласы
  2. Құрамы – Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары

Ұлытау облысы:

  1. Әкімшілік орталығы – Жезқазған қаласы
  2. Құрамы – Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз