4 мамырда президент Тоқаев Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Айта кетейік, 3 мамырда президент жарлығымен Қапшағай қаласының атауы Қонаев қаласы болып өзгертілген еді.
Оқи отырыңыз: Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы болып өзгертілді
Бұдан бөлек президент қаулысымен жаңадан құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының құрамы және әкімшілік орталықтары белгілі болды.
Абай облысы:
- Әкімшілік орталығы – Семей қаласы
- Құрамы – Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары, Семей және Курчатов қалалары
Жетісу облысы:
- Әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласы
- Құрамы – Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары
Ұлытау облысы:
- Әкімшілік орталығы – Жезқазған қаласы
- Құрамы – Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары