Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

0
185
фото: zakon.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 278 және 279 км қашықтықта екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды kazaknews.kz.

Бірінші жер сілкінісі 27 ақпан күні Алматы уақытымен 03 сағат 42 минут 15 секундта тіркелген.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12,2. MPV, тербелісі – 5,9, тереңдігі – 15 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл деңгейінде сезілген.

Сондай-ақ, 05 сағат 58 минут 05 секундта тағы бір жер сілкінісі тіркелген.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай Халық Республикасының шекарасында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 12,1. MPV, тербелісі – 5,6, тереңдігі – 10 шақырым. Алматыда жерасты дүмпуі байқалмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз