Қазақстандағы туристер арасында ең танымал 5 көрікті жер

0
233

2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келді. Ішкі туризм көрсеткіштері де бірнеше есе өскен, деп хабарлайды kazaknews.kz.

Саяхатшылар еліміздің қандай көрікті жерлерінде демалып, қайда барады? Бұл сұраққа Мәдениет және спорт министрлігінің мамандары жауап берді.

1.Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағы

Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша, 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алған.

Өткен жылы Іле-Алатаудың табиғатын 628 мың турист тамашалаған.

  1. Бурабай

Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында тұр.

Көкшенің көз тоймас көрікті жерлеріне 550 мыңнан астам келушілер аяқ басқан.

3.Көлсай көлдері

Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие.

Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады.

  1. Баянауыл

Баянауылға бару бүгінде ел ішінде сәнге айналып келеді.

Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалған.

  1. Шарын шатқалы

Шалғай жатқанына қарамастан, Шарын шатқалы – саяхатшылар көруге құмартатын еліміздегі көрікті орындардың бірі.

Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз