14 қаңтарға қараған түні “АрселорМиттал Теміртау” көмір бөлімінің Ленин атындағы шахтасында барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде апат болды. Апат уақытында шахтада 137 адам болған, 136 – сы сыртқа шыға алған. Бір адамды іздеу жалғасып жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Бұл күні үш жұмысшы, атап айтқанда бұрғылау қондырғысының машинисі, машинистің көмекшісі, сондай-ақ желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің тау-кен шебері ұңғыма түбінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан.Апат салдарынан тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі апат орнынан дереу кетіп қалды, ал машинист ұңғыма түбінен шыға алмады”, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Қазір Ленин шахтасында болған оқиға бойынша тергеу комиссиясы құрылды. Оның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, кәсіподақ ұйымының өкілі және жұмыс беруші енгізілді.