Биыл елордада миллион жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер) отырғызу жоспарланып отыр. Оның 500 мыңы қалада, тағы осындай мөлшері Астананың жасыл белдеуіне отырғызылады. Жапырақты ағаштарға басымдық беріледі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Елорданы дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы бес жыл ішінде Астананы бақша қаласына айналдыруды, көпжылдық өсімдіктерді көбірек отырғызуды тапсырған. Қалада көктемгі ағаш отырғызу және «Жасыл Астана» экологиялық айлығы басталды.
Осылайша Абылай хан даңғылы, Қажымұқан, Петров, Болекпаев, А-105, Балталы, Алаш тас жолы және т.б. көшелерінің бойында ағаштар отырғызылған.
Кейінгі бес жылда Астанада 2,6 миллионнан астам жасыл желек отырғызылған.