Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға келді

0
48

10 сәуіре ресми іс-сапармен Қазақстанға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бұған дейін редакция Әзербайжан президентінің келетіні туралы жазған болатын.

Ильхам Әлиев ұшақтан түскеннен кейін Ақордаға келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлиевті президент резияденциясында салтанатты түрде қарсы алды.

Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда белгіленді. Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын 90-нан астам құжат құрайды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық:

  • 2022 жылы елдер арасындағы тауар айналымы 461,9 млн. бұл өткен жылдың көрсеткішінен 39% жоғары (332,2 млн.).
  • 2022 жылы Қазақстаннан Экспорт 30,4%-ға өсіп, 375,3 млн., ал Әзербайжаннан импорт 92,2%-ға өсіп, 86,6 млн долларды құрады.
  • 2005-2022 жылдары Әзербайжаннан Қазақстанға тартылған инвестициялар көлемі 375,3 млн., Қазақстаннан Әзербайжанға 95 млн долларды құрады.
  • Қазақстанда, Әзербайжан капиталы бар, негізінен сауда-делдалдық қызмет, жол және күрделі құрылыс, қайта өңдеу және логистика саласында жұмыс істейтін 900-ге жуық компания тіркелген.
  • Әзербайжанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету, құрылыс және көлік салаларында қызметін жүзеге асыратын қазақстандық капиталы бар 150-ге жуық компания жұмыс істейді.

Транзиттік-көліктік өзара іс-қимыл:

  • Қазақстан мен Әзербайжан транзиттік-көліктік әлеуетті және логистиканы салу, жаңғырту және әртараптандыру бойынша үлкен күш-жігер жұмсауда. Екі ел Азия-Еуропа бағыты бойынша және кері қарай жүктерді жеткізуде маңызды рөл атқарады.
  • Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі үйлестіру комитеті (ТХКБД) құрылды, онда т/ж, теңіз, порт әкімшіліктері, сондай-ақ сегіз елдің: Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина, Польша және Румынияның логистикалық компаниялары ұсынылған. 2017 жылдан бастап штаб – пәтері Астанада орналасқан ТХКБД халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді.
  • Бүгінгі таңда ТХКБД өткізу қабілеті жылына 6 миллион тонна немесе 80 мың контейнерге бағаланады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық:

  • Қазіргі уақытта Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар жоғары деңгейде дамып келеді. 2022 жылдың мамыр айында Әзербайжанның Гейгель ауданында Қазақстан – Әзербайжан Достық бағы отырғызылды. Бақшаның құрылуы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орайластырылған.
  • Президент Қ. К. Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары аясында Сумгаит көшелерінің біріне белгілі қазақ ағартушысы және түркітанушы А. Байтұрсыновтың есімі берілді.
  • Осы сапар аясында Физули қаласында (Әзербайжан) қазақстандық тараптың сыйы ретінде “Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығының” құрылысы басталғаны жарияланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз