Сібір тау ешкілерін заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
Жоңғар-Алатау ұлттық паркінің мемлекеттік инспекторлары жүргізген рейд барысында, Тоқты мемлекеттік табиғи қорығының аумағында “Toyota Land Cruiser Prado” маркалы автокөлігі тоқтатылған. Көлікте Испанияның екі азаматы болған. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштан Сібір тау ешкісінің екі басы, салмағы 60-62 кг тері мен ет, Mannlicher және Блейзер маркалы екі шетелдік азаматқа тиесілі қару табылған.
Қазіргі таңда қылмысқа байланысты заттай дәлелдемелер тәркіленіп, Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне тапсырылған.