Денсаулық сақтау деңгейі рейтингінде Қазақстан 58-ші орында

0
325
фото: Pixabay

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Numbeo денсаулық сақтау рейтингінде 96 елдің ішінде 58-ші орында ие болды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Қазақстанның денсаулық сақтау индексі (Health Care Index) 59,89 құрады.
Ескерту: индекс неғұрлым жоғары болса, қызмет соғұрлым жақсы деген сөз.

Денсаулық сақтау индексі денсаулық сақтау жүйесінің, медициналық қызметкерлердің, жабдықтардың, персоналдың, дәрігерлердің, қызмет құнының және т. б. жалпы сапасын бағалау. Ол Numbeo сайтына кірушілер арасындағы сауалнама негізінде құрастырылған. Қолданыстағы индексті (әрдайым жаңартылып отырады) жасау үшін соңғы 36 айдағы деректерді пайдаланады. Жартыжылдық индекс жылына екі рет түзетіледі.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Тайвань (ҚХР) 86,04 индексімен көш бастап тұр. Үздік үш елдің қатарына Оңтүстік Корея мен Жапония да кірді, тиісінше 83,04 және 80,52. Мальта ең нашар денсаулық индексіне ие: 38,24. Оның алдында Венесуэла (39,15) және Бангладеш (41,74).

ЕАЭО елдерінің көрсеткіші мынадай: Ресей 59,86 индексімен 59-ші орында, Армения 55,74 индексімен 72-ші орында, ал Беларусь төменнен санағанда бесінші орында – 46,14 индексімен 92-ші орында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз