Қазақстанның кейбір аймағында қатты жаңбыр мен жылбысқы қар күтілуде

0
102
фото:baribar.kz

Метереолог мамандар 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдер, республиканың көп бөлігіне жаңбыр, желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуін әкеліп, соғады.

Хабарлама бойынша, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының таулы ауданында жауын-шашын күтіледі. 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын мен жылбысқы қар түрінде күтіледі.

Республиканың батысында ғана салыстырмалы түрде қолайлы ашық ауа-райы сақталады. Еліміздің көп бөлігінде түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжануда.

Қазақстанның солтүстік жартысындағы ауа температурасы түнде 0-8, күндіз 10-23 жылы, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 5-15, күндіз 18-25 жылы күтіледі. Түнде солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 3 градусқа дейін суықтайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз