Қазақстанда ұлттық гидрометеорологиялық қызмет 7-9 шілде аралығында жаңбыр және бұршақ жауады деп болжайды, деп хабарлады Кazaknews.kz тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
“Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына оңтүстік циклон әсер ететін болады. Соның ықпалымен жаңбыр және бұршақ жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, жел күшейеді. 7 шілдеде республиканың солтүстік-батысында, 7-8 шілдеде солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында, 8-9 шілдеде шығысында нөсер жаңбыр жауады деп болжануда”, – делінген сәрсенбі күні таратылған 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамында.
Синоптиктер атап өткендей, “Қзаақстанның батысы ғана батыс антициклонның ықпалында болады, соған сәйкес жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі”.